Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орыс қызы: Қазақ келіні болу – маңдайыма жазылған бақытым

Бір компанияда қызмет еткен Талғат пен Наталья екі жыл бұрын танысқан. Ара-тұра жиналыстарда кездестірген сүйкімді, талдырмаш бойлы бойжеткен бозбаланың назарын бірден аударыпты.

1491792112_article_b

Бұл туралы “Егемен Қазақстан” басылымы хабарлайды.

Арадағы «сіз-біз» дескен сыпайы қарым-қатынас кейін оттай лаулаған сағыныш сезіміне айналғанын қос ғашық сезбей қалған. Талғат өмірлік жар болуға ұсыныс жасағанда Наталья бірден келісім бермеген, көп ойланған. Көз алдына қарайласар ешқандай туған-туысқаны жоқтығы елестеп, кеудесін ащы өксік қысқан. Есін білмейтін кезде әкесі көз жұмған. Анасы әлі күнге дейін үшті-күйлі хабарсыз кеткендердің санатында жүр. Жалғыз бауырының қайда екенін білмейді.

6 жасынан жетім балалар үйінде тәрбиеленіп, мемлекет қамқорлығының арқасында еш кемдік көрмей өсті. Білімге деген ерен құштарлығының арқасында М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжді қызыл дипломмен бітіріп, әлеуметтік қызметкер мамандығын алып шықты. Жұмысқа орналасты. Сөйтіп жүргенде қазақтың жампоз жігіті сөз салып, өмірлік жар болуға ұсыныс білдіргенде не айтарын білмей тосылып қалған. Туған-туыстары мені қалай қабылдар екен деген ауыр сұрақ көлбеңдеген. Қазақтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қанша меңгерсе де, тартыншақтана берген. Тек Талғаттың «қобалжыма, бәрі жақсы болады» деген демеу сөзі дем берген. Алғашқы танысуға барғаны әлі күнгі­дей көз алдында.

“Бәрінен бұрын өзімді емес, Талғатты аядым, қатты қиналып жүрді. Таңдауына туған-туыстарының қарсылық танытпағанын айтқанда, сенесіз бе, менің бойымдағы қорқыныштар сейіліп сала берді. Бәрі дұрыс шешілетіндей ерекше сенім пайда болды. Бөтен шаңырақтың табалдырығын алғаш аттасам да, бірінші жүздесуден-ақ бұрыннан білетін жандарша еркін сөйлесіп, тіл табысып кеттік. Менің жан-дүниемді түсіне білген ата-енем – әлемдегі ең жақсы адамдар, – дейді оларға алтын асықтай немере сыйлап отырған жас келіншек өткен кезеңді еске түсіріп.

Ол «қазақтың келіні болу – керемет, ең бастысы, ағайын-туыс­тың көптігі. Отбасымызбен қазақ, орыс мейрамдарын атап өтеміз. Қазақ тілінде сөйлесеміз. Ұлымыздың есімі – Алан. Оның атын ата-енем қойды. Мен достарыма «Жетімдіктің зарын көп тартып едім. Енді қазаққа күйеуге шығып, жарты қала менің туысым болып шықты» деп қалжыңдаймын. Үлгілі, өнегелі шаңырақтың бөлінбес бір бөлшегіне айналғанымды маң­дайыма жазылған бағым, бақытым санаймын», − дейді Наталья.

Отағасы Жасұлан мен отанасы Клараның «Аралас некені сөгетіндерге айтарымыз: кесір, қыңыр адамдар кездеседі, ал жаман ұлт болмайды» деген пікірлеріне алып-қосарымыз жоқ. Бұл екеуі де тосын жағдайда танысқан. Жасұлан Ресейдің Челябі қаласында оқып жүргенде оралдық курстасы үйленіп, Клараны сол тойда жолықтырады. «Тағдырдың жазуынан ешкім қашып құтылмайды. Әйтпесе, сылқылдыған сұлулар теріскейден де кездесер еді. 1983 жылы отау құрып, содан бері бір шаңырақ астында тату-тәтті тірлік құрып келеміз. Келініміз тілі мен ділі мүлдем бей­таныс ортаға тез сіңісіп кетті. Елгезек, ақжарқын, бауырмал. Нәдия деген қазақи есімді қуана қабылдады», дейді ата-енесі.

Оқи отырыңыз:

Қазақ халқы ауа-райын құстарға қарап қалай болжаған

11 жасар Балғынбек тоққа түсіп екі қолынан бірдей айырылған (видео) 

Алматылық транессексуал халықаралық сұлулық байқауына қатыспақ

Шымкенттік азамат үйінде банан, киви, ананас жемістерін өсіріп жатыр

STAN.KZ
Дүйсенбі, 10 Сәуір, 2017 09:23
Талқылау