"Өртенген бес баланың жаназасына бармаған": Сәкен Майғазиевтің ұлының тойына барып, бата берген бас мүфти сынға қалды
Фото: Әлеуметтік желіден
Әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының тойына барып, бата берген ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай Тағанұлы сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі қолданушылары Қазақстандағы қайғылы оқиғаларда бой көрсете бермейтін бас мүфтидің тойға баруын ерсі деп санайды.
“БҚО-да бес бала өртеніп өлгенде жаназаларына бармаған, Ақтауда ұшақ апатқа ұшырағанда құран бағыштамаған, Астанада автобус апатынан шынашақтай қыз екі аяғынан айырылғанда жүрегі сыздамаған бас мүфти бүгін Сәкен Майғазиевтің ұлының тойында бата беріп жүр. Той дегенде қу бас домалайды деген рас-ау”, – деп жазды журналист Диас Нұрақын.
Пікірлер арасында бас мүфтиді “барлығын бизнеске айналдырып жіберді” деп айыптағандар да, “тойға баруында ешқандай ерсілік жоқ" деп ақтағандар да бар.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы бас мүфтиге қатысты сынға жауап берді. Оның сөзінше, діни басқарма мен бас мүфти елде болып жатқан, қоғамдық резонанс тудырған оқиғалардан еш уақытта тыс қалмаған.
“Имамдар онсыз да қайғының бел ортасында жүреді. Міндеті. Бірақ оны ешкімге міндетсімейді. Бес бүлдіршіннің қазасына бәріміздің ет жүрегіміз езілді. Қос аяғынан айырылған қыздың да тағдырына қатты алаңдадық. Діни басқарма бұл оқиғалардан тағы да тыс қалған жоқ. Имамдар қоғам алдындағы міндетін ешкімге жарияламай-ақ атқарып жатыр. Өмір тек қайғыдан тұрмайды. Бас мүфтидің қаралы жиында ғана емес, қуанышты басқосуларда да төбе көрсетіп, бата беруі – орынды іс”, – деп жазды Facebook желісінде Ағабек Қонарбайұлы.
Еске салсақ, бұған дейін Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойынан қанша пайда тапқаны туралы жазған едік.
Талқылау

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
1 тамыздан бастап үлескерлерге салынып жатқан ғимараттардағы тұрғын үй үшін қолма-қол ақша төлеуге тыйым салынады

“Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”: Үнді жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы ерекше өткен тойы мен салты туралы айтып берді
Айгерім: “Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”