Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинадағы соғысқа қарамастан Қазақстанның ішкі өнімі өсім көрсетті – Халықаралық валюта қоры

Халықаралық валюта қоры Украинадағы соғыс кезінде Орталық Азия елдерінің экономикасы тұрақтылық көрсеткенін мәлімдеді. Қазақстан энергетика мен тау-кен өнеркәсібі салаларына салынған инвестицияның арқасында жалпы ішкі өнімнің өсіміне қол жеткізіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ұлттық статистика бюросы

Халықаралық валюта қоры Таяу Шығыс және Орталық Азия департаментінің директоры Джихад Азур Қазақстан экономикасы қазіргі кезге дейін жүріп жатқан Ресей-Украина соғысы кезінде тұрақтылық көрсеткенін атап өтті.

“Ресей-Украина соғысының ықпалына қарамастан, Орталық Азия елдері, оның ішінде Қазақстан экономикасы төзімділік танытты. Қазақстанның жалпы ішкі өнімі биылғы жылы 3,5% өседі деген болжам бар. Бұл өсім 2024 жылы энергетика және тау-кен секторларына инвестиция есебінен 4,6%-ға жетуі мүмкін. Кейінгі төрт жылда Орталық Азия елдері өз экономикасын соғыстың салдарынан қорғай алды”, – дейді Джихад Азур.

Ол бұл өсімнің энергетика мен тау-кен өнеркәсібі салаларына салынған жаңа инвестицияларға байланысты екенін айтты. Бұл ретте Джихад Азур макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау үшін инвестиция деңгейін сақтау қажет екенін атап өтті. Айтуынша, құрылымдық реформаларды жеделдету керек. Осылайша Қазақстан мен аймақтар арасындағы экономиканың деңгейін ұстап тұруға болады.



Азур Халықаралық валюта қорының Қазақстан экономикасының үдемелі дамуы үшін макроэкономикалық тұрақтылық пен құрылымдық реформаларды табанды түрде қолдайтынын атап өтті. Оның пікірінше, энергетика мен технологияны қоса алғанда, дәстүрлі де, дамып келе жатқан секторларға да инвестиция тартуды жалғастыру қажет.

Бұған дейін Қазақстанның сыртқы қарызы 29 триллион теңгеге жуықтағаны туралы жазған едік.

Талқылау