Өрт дабылқаққышы алматылық көпбалалы отбасыны аман алып қалды

Фото: Видеодан скрин
Алматыда өрт датчигі тұрғындарды оятып, құтқарушыларды дер кезінде шақыруға себеп болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүгін таңертең Новгородская көшесіндегі көпбалалы отбасының үйінен өрт шыққан.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына бес минутта жеткен. Ол кезде үйдің төбе жабындысы жанып жатқан. Үй жеңіл тұтанатын материалдардан салынғандықтан, өрт тез таралуы мүмкін еді.
“2025 жылдың қазан айында орнатылған өрт датчигі дер кезінде дабыл қақты. Құрылғының дабылы тұрғындарды оятып, олар үйден шығып үлгеріп, өрт сөндірушілерді шақырған”, – деп мәлімдеді Төтенше жағдай департементі.
Өрт жедел түрде оқшауланды. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.