Өрт дабылы істен шыққан: Шымкентте сауда үйінен жүздеген адам эвакуацияланды
Шымкентте ойын-сауық орталығында тұрғындар ғимаратта өрт шықты деп дүрбелеңге түсті. Алайда бұл жалған ақпарат болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Қонақтар мен қызметкерлерден сауда және ойын-сауық орталығынан шұғыл түрде кетуді сұралған.
Алайда, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде өрт туралы ақпаратты жоққа шығарды.
“Сауда ойын-сауық орталығында өрт болмағанын ресми түрде мәлімдейміз. Техникалық ақауларға байланысты өрт дабылы қосылды. Қауіпсіздік мақсатында адамдар қауіпсіз жерге көшірілді”,- деп хабарлады құтқарушылар.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн