Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өрмекші адамның киімін киген 4 жасар бала сегізінші қабаттан секіріп кетті

Грузияның Тбилиси қаласында Өрмекші адамның костюмін киген 4 жасар бала 8-қабаттың терезесінен секіріп кетіп аман қалды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Грузия Online» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Басылым мәліметінше, 4 жасар бала пәтерде әжесімен бірге болған. Ол немересінің өз бөлмесінде ойнап отырғанына сенімді болыпты. Кейуанаға болған оқиға туралы көршілері айтқан.

Куәгерлердің топшылауынша, бүлдіршін сүйікті кейіпкеріне еліктеп, соның әрекетін қайталамақ болған.

Ол көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалап отыр. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр