Орман өртінен бас сауғалаған тұрғын пештің ішіне тығылып, аман қалған
Австралияның Балморал қаласының тұрғыны ормандағы болған өрттен үйіндегі пештің ішіне кіріп аман қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Биліктің дабыл қағуына қарамастан 67 жастағы суретші Стив Харрисон орманда орналасқан үйін өрттен құтқармақшы болып, сонда қалып қалған көрінеді.
Алайда өрт оны үйіне жақындағанда, Стив бас сауғалап, көлігін барыпты. Бірақ оның үйі ормандағы өрттің қоршауында қалыпты. Осы кезде тұрғын өзі жақында құрастырған үлкендігі табыттай болатын пештің ішіне тығылыпты. Өзімен бірге өрт сөндіргін, ноутбук пен су алуды ұмытпаған.
Харрис пештің ішінде жарты сағаттай болған. Өкінішке орай оның үйі мен шеберханасы түк қалмай жанып кетіпті.
19 желтоқсанда болған Балморал және Бакстонда болған орман өрті кезінде 20 ғимарат тілсіз жаудың көмейінде қалып қойыпты. Оның 12-сі тұрғын үй көрінеді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”