Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Орысша сөйлемейтін ауылдан шықтым": Ерке Есмахан кемшілігін айтты

Ерке Есмахан өзінің басты кемшілігі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орысша сөйлемейтін ауылдан шықтым

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, орысша сөйлем жазып, шатасып қалған. Ойын өзге тілде жеткізгісі келсе де, ұйқастыра алмайтынын айтты ол. Өнер иесі өзінің орысша сөйлей алмайтын ауылдан шыққанына намыстанбайтынын жеткізді. Осылайша ол қарапайым қазақтың қызы екенін байқатқан.

"Вот и заканчивается счастливое лето! Скоро осень, поэтому уже горячий ветер не будет туда-сюда бегать, а будет дождь" - деген әңгімеден жіберсең ұйқастыра алмай! Қазақша бар кезде орысшаны қайтесің? Орысша онша сөйлемейтін ауылдан шыққанымды несіне жасырайын, бірақ суретте шетельская боп тұрм, иә? Қалайсыздар?" - дейді Ерке Есмахан. 

Мұны көрген жұрт өздерінің де орысша сөйлегенде шатасып қалатынын айтып, естеліктерімен бөліскен. 

"Это же, как это, деп күмілжіп қалатын кездерді айтсаңшы. Арасында "ну" деп қоясың тисе терекке, тимесе бұтаққа", "Бәрімізде сол ғой, кейде тіпті ұйқаспай қалса да саспай сөйлей береміз орыстарға", "Ауылдан шыққандар қор болмайды", - деп пікір қалдырды жұрт. 

Талқылау