Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Орыс тілін жақсы меңгергенмін және орыс мәдениетімен етене байланыстамын": Ақпарат министрі өзіне тағылған айыптарға жауап берді

Қазақстанның жаңа тағайындалған ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров жаңа қызметте алғаш рет Sputnik Қазақстанға сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Асқар Омаров Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары болып тағайындалғанда қоғамда оның русофоб екені, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ секілді ұйымдар аясындағы интеграцияға қарсы екені туралы жиі жазылды. Ол министр болып тағайындалғанда мұндай мақалалар саны арта түсті. Алайда Омаров мұның барлығын жоққа шығарды.

"Мен Ресейге, біздің халықтар арасындағы ортақ көпғасырлық тарихи байланысқа, салт-дәстүрге, тарих пен әдебиетке үлкен құрметпен қараймын. Орыс тілін жақсы меңгергенмін және орыс мәдениетімен етене байланыстамын", – деді министр.

Ол құрлықтағы ең ұзын шекара Ресей мен Қазақстан арасында екенін атап өтіп, екі елді аймақтық жақындықтан бөлек достық, өзара құрмет пен стратегиялық ынтымақтастық байланыстырып тұрғанын айтты.

Асқар Омаров "шынымен де Ұлы Отан соғысын "басқалардың соғысы" деп есептейсіз бе?" деген сауалға да жауап берді.

"Ұлы Отан соғысы – адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың бірі. Бұл соғыста миллиондаған адам көз жұмды. Сондықтан оны бөтендікі деп атауға келмейді. Бұл соғыс әрбір отбасыға салдарын тигізді. Біздің ата-бабамыз алдыңғы шепте шайқасып, ұрыс алаңында қаза тапты. Сондықтан біздің елдерімізде Жеңіс күнін ерекше құрметпен атап өтеді", – деді министр.

Сондай-ақ министр тілдік патрульдер туралы ойын айтты. 

"Тілдік патрульдер" тақырыбы жалпыға ортақ тренд емес және өзінің құқықтық бағасын алды. Шын мәнінде Қазақстанда бүгінде қазақ тілі тарихи және демографиялық факторларға байланысты агрессиялық ілгерілетуді қажет етпейді. Мемлекеттік тіл өмірдің барлық саласында дамып, кеңінен қолданылады.

Жалпы, біздің елімізде Қазақстанда тұратын халықтардың барлық тілдері мен дәстүрлеріне үлкен құрметпен қарайтынын тағы да айтқым келеді. Ал орыс тілі күнделікті өмірде қолданылып жүр”, – деді министр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр