Орындығын ұстап, күтіп тұрған: Желіде Жамбыл облысы әкімінің көмекшісінің әрекеті қызу талқыға түсті
Әлеуметтік желіде Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашүкеевтің көмекшісінің әрекеті қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото әлеуметтік желіден
Желіде облыс әкімі қатысқан жастар форумында түсірілген видео пайда болды. Видеодан әкімнің орындығын ұстап, күтіп тұрған ер адамды байқауға болады. Кейін әкім келіп сол орынға отырады.
Видео авторының айтуынша, форумға жиналғандар облыс әкімін екі сағат күткен. Залға кірген Қарашөкеев еш ойланбастан, көмекшісі ұстап тұрған орынға барып отырған.
Видеоға желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. Біреулер әкімнің әрекетін сынға алса, екінші топ орындықты ұстап тұрған көмекшіні күлкіге айналдырды.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ