Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орынбасарларымның барлығы ер адамдар: Гүлшара Әбдіқалықова әкім болудың қаншалықты қиын екенін айтты

Қызылорда облысының басшысы Гүлшара Әбдіқалықова орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында әйел үшін бір аймақты басқарудың қаншалықты қиын екенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қиын кезең Қызылорда облысына ғана емес, жалпы Қазақстанға әсер етті. Коронавирустық пандемияға байланысты жұмыс мөлшері бірнеше есе артты. Бірақ барлық қиындықтарды бірге жеңу керек. Біз бәріміз бірге жұмыс жасаймыз. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдары, ардагерлермен бірлескен жұмыс жүргізу арқылы қиындықтарды еңсеріп отырмыз", - деді әкім.

Сонымен қатар, әкім басты міндеттерді атап, қазіргі таңда қандай жұмыстар жасалып жатқанын жеткізді. 

"Менің орынбасарларымның барлығы ер адамдар. Барлығы, тәжірибелі мамандар", - деді әкім.

Естеріңізге сала кетейік, Гүлшара Әбдіқалықова бұл қызметке осы жылдың наурыз айының соңында тағайындалған болатын.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 23 Қараша, 2020 13:28
Талқылау