Орынбасары істі болған БҚО әкімі отставкаға кете ме – Әкімдік өкілі жауап берді
Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы орынбасары істі болған соң аймақ басшысының отставкаға кету-кетпеуі туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Облысы әкімдігі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораздың сөзінше, Нариман Төреғалиевтің отставкаға кетуіне қатысты шешім үкім заңды күшіне енген соң қабылданады.
Еске салайық, 16 тамызда Орал қалалық соты БҚО әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев пен "SPK Aqjaiyq" басқарма төрағасының бірінші орынбасары Артур Досқалиевке қатысты үкім шығарған еді. Сот оларды лауазымын асыра пайдаланды деп айыптап, Балтаевқа 8,6 миллион теңге, ал Досқалиевке 3,4 миллион теңге айыппұл салған еді. Сонымен қатар оларға өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”