Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ордабасы"-"Атырау" ойыны: Футбол федерациясы төрешінің кінәсін мойындады

 Федерация төрешілердің қателіктерін мойындадыФото: Instagram.com/fc__ordabasy

Қазақстан футбол федерациясы "Ордабасы"-"Атырау" матчында төрешілердің бірнеше рет өрескел қателік жасағанын оның ойын нәтижесіне әсер еткенін мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ақ Жайыққа” сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан футбол федерациясының төрелік және инспекция департаменті директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Қазақстан Премьер-лигасының 4‑турындағы матчтар дауына түсініктеме берді.

"Ордабасы"-"Атырау" ойынында төрешілер бірнеше өрескел қате жіберді. Мысалы, 82‑минутта төреші бастапқыда "Атырау" командасының голын есептеді, бірақ VAR араласқаннан кейін оны офсайдқа байланысты жоққа шығарды. Бұл шешім қате, өйткені ойын аумағынан тыс ойыншы эпизодқа әсер етпеді”, – деп мәлімдеді федерация. 

Сондай-ақ 97 (90+7) минутта төреші "Атырау" қақпасына пенальти тағайындады. Федерацияда бұл эпизодта ереженің бұзылмағанын, ал VAR-дың араласып шешімді түзетуі тиіс екенін айтты.



103 (90+13) минутта да "Ордабасы" ойыншысын ойыннан аластату қателік болғанын мойындады.

“Бұл жағдайда сары карточкамен шектелу керек еді, себебі бұзушылық аса ауыр емес”, – деп мәлімдеді Қазақстан Футбол Федерациясы.

Сонымен қатар федерация негізгі эпизодтарға VAR-дың араласпағанын да атап өтті.

Осылайша футбол федерациясы ресми түрде бірнеше төрелік шешімнің қате болғанын және бұл матчтың тең нәтижесімен аяқталуына әсер еткенін растады.

Бұған дейін "Ордабасы"-"Атырау" матчы түркістандық команданың жеңісімен аяқталған еді. Ойын нәтижесінің әділ болмағанын айтқан ордабасылық жанкүйерлер "Атырау" құрамасынан кешірім сұрады

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 06 Сәуір, 2026 11:57