“Ордабасы” футбол клубын кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп сатып алды

Бизнесмен Шахмұрат Мүтәліп "Ордабасы" футбол клубының инвесторы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шахмұрат Мүтәліп "Ордабасы" футбол клубының инвесторы атанды. Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде клубты жекешелендіру туралы меморандумға қол қойылды. Келісімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен "Integra Construction KZ" ЖШС басшылығы қатысты.
Сонымен қатар, Дархан Қызайбаев "Ордабасы" футбол клубының президенті болып тағайындалды.
Кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп басқаратын "Integra Construction KZ" компаниясы әлеуметтік жобаларға белсенді қатысып, атсалысады.
Аталмыш компания Алматы қаласындағы балалар үйін қайта жаңғыртуға шамамен 5 млрд теңге көлемінде қаржы бөлуде.
Шахмұрат Мүтәліп Алматы облысында дүниеге келген, экономика ғылымдарының магистрі.
Ол Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы Asia Pacific University of Technology & Innovation университетін тәмамдаған. 2024 жылдың ақпан айында ол Қазақстан бокс федерациясының президенті болып сайланды.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі футбол клубтарын жекешеленлендіру тапсырмасын берген еді. Мемлекет басшысы жеке капитал тартылмайынша, саланың сапалы жаңа деңгейге көтерілуі мүмкін емес екенін атап өткен.
Осы тапсырмадан кейін Шымкент қаласында әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде меморандумға қол қойылды.
Жаңа меншік иесінің басқаруымен "Ордабасы" клубы толыққанды коммерциялық клубқа айналып, Қазақстан футболындағы позициясын күшейте ала ма оны алдағы маусым көрсетеді.
Айта кетейік, Шахмұрат Мүтәліп пен Дархан Қызайбаев Қазақстан бокс федерациясындағы қызметтерін де жалғастырады.
Танымал спорт журналисі "Ордабасы" футбол клубында лауазымды қызметке тағайындалды
2,3 млрд теңге қайда кетті: “Ордабасының” экс-президентіне қатысты даулы оқиғаға нүкте қойылды
Шымкент әкімінің айтуынша, бұл шешім қаланың футбол орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтып, клубтың ұлттық және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ал инвестор тарап "Ордабасы" клубын ұзақ мерзімді әрі әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде дамытатынын мәлімдеді
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр