"Ордабасы"-"Атырау" матчы: Ордабасылық жанкүйерлер "мұнайшылардан" кешірім сұрады

Қазақстанның премьер-лигасында Шымкентте өткен “Ордабасы” мен “Атырау” арасындағы кездесу төрешілік дауға себеп болды. Ойын 1:1 есебімен аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен кездесуде жергілікті команда артықшылыққа ие болды, алайда бірінші болып қонақтар есеп ашты. 20-минутта “Атырау” жылдам контратака ұйымдастырып, Константин Дорофеев дәл соққы жасады. Есеп – 0:1
Есіп ашылған соң “Ордабасы” өзі бастамашылап соңғы ысқырыққа дейін қарсыластан қорғанып келді. Ең қауіпті сәттердің бірі – Ги-Марселин Киламаның тепкен добы штангаға тиіп кері қайтқан сәті болды.
Екінші таймда жергілікті команда “Атырау” қақпасын қайтадан нысанаға алуды. Қонақтар тағы бір гол соқты, алайда VAR қарауынан кейін Дорофеевтің соққан голы жоққа шығарылды.
Кейін қосымша уақыт беріліп, шешуші сәт таяды. 101-минутта негізгі төреші Санжар Ысқақов “Атырау” қақпасына пенальти берді. Эльхан Астанов 11 метрден соққы жасап, гол тепті. Осылайша, “Ордабасымен” есеп теңестірді. Есеп – 1:1.
Ойынның соңғы сәттері тартысты өтті. Қосымша уақытта төреші қызыл карточка көрсетті, ал матч кезінде қатты физикалық қақтығыстар мен эмоция толы сәттер көп болды.
Бұл тең есептен кейін “Ордабасы” 8 ұпай жинап, биылғы Қазақстанның премьер-лигасында көш бастады. “Атырау” 4 ұпаймен кестенің екінші жартысына түсті.
Клубтың бас менеджері ауруханаға жеткізілді
“Серый CARDINAL” Telegram арнасының мәліметінше, матчтан кейін “Атырау” клубының бас менеджері Мақсат Тұмалиевтің денсаулығы нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Оның қан қысымы көтерілгені белгілі болды. Соған қарамастан, ол командаға көрсеткен ойыны үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар, дереккөзедер кездесудің төрешісі ұзақ уақытқа немесе тіпті өмір бойына судьялықтан шеттетілетін мүмкін екенін айтты. Тиісті шешімді ҚФФ Судьялық және инспекция департаменті дайындап жатқаны хабарланады.
“Судья иттік істеді”
Спорт журналисті Эльдар Аманбаев та бұл ойынды қатты сынға алды. Ол болып жатқан жағдайға жауап тек төреші ғана кінәлі емес екенін айтты.
“Көптеген “Ордабасы” жанкүйерлері осы ұпай үшін ұялып жатыр. Бірақ федерациядағылар ұялуы тиіс. “Атырау” жеңісін енді ешкім қайтарып бермейді”, – деді ол.
“Ордабасы” жанкүйерлері “Атырау” ойыншыларынан кешірім сұрап, төрешілердің “бармақ басты, көз қысты” әрекетін сынады.
“Ордабасы” жанкүйері ретінде айтайын, “Атырау” негізі жеңді. Судья иттік істеді”, “Атырауға” обал жасады, Мұндай футболға түкіргенім бар. Төрешілерге айтар сөзім жоқ”, “Мен “Ордабасы” жанкүйерімін, бірақ мына тең есепті қабылдай алмаймын. “Атырау” жеңіске лайық”, “Мұнда басшылар ойнады. Төреші көзді бақырайтып, “Атыраудың” екі ұпайын тартып алды”, “Атырау” кешіріңдер, бізден ағаттық кетті. Ұпай сендердікі”, – деп жарыса жазды желідегілер.