Оразымбетова күйеуінің арқасында “тележұлдыз” болды дегендерге жауап берді

Бүгінде Гүлнұр Оразымбетова әншілігінен бөлек, тележүргізушілікті қатар алып жүр. Өнер иесі Ұлттық арнадағы таңертеңгілік бағдарламаны міне, үш жылдан бері жүргізіп келеді. Бір қызығы, Гүлнұр аталған жұмысы үшін Астанада жүрсе, әншінің отбасы Талдықорған қаласында тұрып жатыр екен. Бұл ретте Оразымбетова күйеуінің арқасында “тележұлдыз” болып отыр дегендерге жауабын берді.

Оразымбетова күйеуінің арқасында "тележұлдыз" болып отыр дегендерге жауап берді

Бұл туралы “Астана” арнасының “Мақпал мекен” жобасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Өнер иесі телеарнаға қалай келгенін түсіндірді.

“Бұл аяқ астынан болған дүние деп ойлаймын. Біз Астана қаласында тұрдық. Менің анда-мұнда жүрісім көп болып кетті. Ана қалада түсірілім, мына қалада концерт деген сияқты. Сол кезде жолдасым: – Гүлнұр, бір тұрақтап істейтін жұмыс болса, – деген еді. Тұрақты жұмыс деген телеарна, мүмкін филармония, “Қазақконцерт”. Жолдасымның күліп отырып айтып қалған әңгімесі болатын. Содан Ұлттық арнадан “Таңшолпан” бағдарламасынан Мөлдір Әуелбекова жұмыстан шығып, оның орнына кастинг жариялап жатыр деген әңгіме келді маған. Сол кездегі арна басшысы Нұржан Жалауқызы кастингке қатысуға ұсыныс білдірді. Себебі ол да біздің арамыздағы әңгімені естіп қалған болатын.

“Осыны бір жерге байлап қойшы” деп жолдасым айтып қалған. Бірақ бұл сөзімен міндетті түрде бір бағдарламаға кіргіз дегені емес. Жай тұрақты бір жұмыс болса, таңертең кетіп, кешке келетін деген ойын жеткізді. Әзілден шыққан әңгімеден кастингке бардым. – Бәрі жақсы, бірақ сізбен әлі дайындаламыз, эфир, камерамен жұмыс істеу деген сияқты, – деді”, – деп еске алады Оразымбетова.

Әнші тікелей эфирге шықпас бұрын біраз уақыт бойы дайындыққа барғанын айтты. Сол уақытта ауырып, емханада жатса да, күн сайын дәрігерден сұранып, дайындыққа келіп жүргенін жасырмады.

“Мен бірнәрсені қолға алсам, соңына дейін барамын. Өзімді сол қасиетім үшін бағалаймын, құрметтеймін”, – деген Гүлнұр аталған бағдарламаны жүргізіп жүргеніне үш жылдай болып қалғанын айтты.

Оразымбетованың айтуынша, көпшілік лауазымды азаматтың әйелі болғандықтан, телеэфир тізгінін ұстап отыр деп ойлайтын көрінеді. Алайда әнші телеарнадағы бірде бір жүргізушінің ақша беріп, жұмысқа кірмегеніне сендірді.

“Ақша беріп, бағдарлама жүргізіп жатқан бірде бір журналисті көрген жоқпын. Ондай жағдай болмайды да. Егер менің түр әлпетім я болмаса сөздік қорым дұрыс болмаса, олар маған: – Ренжімеңіз, Гүлнұр. Біз сізді ала алмайды екенбіз, – десе мен өз жұмысыммен жүре берер едім. Олар маған сенді, мен мойныма жауапкершілік алдым. Әлі күнге дейін жұмыс істеп келе жатырмын. Көпшілік адамдар “керемет журналистер бар, солардың нанын жеп отырсыз” деп те ойлайды. Ал сіз білмейсіз, телеарнаның ар жағында отырған көрермен, телеарнадағы жұмысымнан менің қанша жалақы алатынымды. Мен ол жалақыдан 5-10 есе барып, бір үлкен іс-шараға я тойға барып, бір күнде тауып ала аламын. Бұл жерде маған арна сенім білдірді, мен мойныма жауапкершілікті алдым. Сондықтан да әлі күнге дейін жүргізуші боп отырмын. Әйтпесе бізде кастинг жасалады, сырттан кәсіби журналистер келіп жатады. Айына 3-4 рет кастинг болады десем, өтірік айтпағандығым болар. Әлі күнге бізде бағдарламаны жүргізетін, тікелей эфирде үш сағат жұмыс істейтін журналистерді табу қиынға соғып жатыр”, – дейді Оразымбетова.

Әншінің бұл қызметі Астанада қаласында болғанымен, жолдасы мен екі ұлы Талдықорған қаласында тұрып жатқан көрінеді. Алайда Гүлнұр телеарнада жұмыс істеп, қандай да бір құрбандыққа барып отырмын деп ойламайды.

“Мен құрбандыққа барып жатырмын деп айтпаймын. Мен 2 күн эфирдемін, 4 күн отбасымның жанындамын. Болмаса 4 күн эфирдемін, әрі қарай тағы 2-3 күнді қосып аламын. Менің махаббатым балаларыма жетіп жатыр. Мен бәріне үлгеріп жатырмын. Үлгермеген күні өзім де тастап кетемін ғой жұмысты”, – дейді ол.

Бұған дейін әнші ешкімнің отбасын бұзбағанын айтып, күйеуімен қалай қосылғанын әңгімелеп берген еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр