Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оразаны мақтаныш үшін ұстайтындар: Айнұр Тұрсынбаева өзін сынағандарға жауап берді

Оразаны мақтаныш үшін пайдаланатындар көбейіп кетті. Мәселен, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ауызашар жасағанына мақтанып, жар салған. Рамазан айында танымал өнер адамдарымен қатар отырып, ауыз ашқан сәтін, олардың дастарханынан дәм татып жатқан суреттері мен видеоларын салу сәнге айналды.

18581402_743186565851300_6988629363663044608_n

Бұл туралы «Еуразия» арнасының жаңалықтар қызметі хабарлады.

Жалпы құлшылықтың  бұл түрін жария ету қаншалықты дұрыс? Бұған шариғат не дейді?

Әлеуметтік желідегі мылтықсыз майдан ораза кезінде тіпті өршіп кетті. Бірі мақтанады, бірі даттайды, ортада сауға сұрап, арағайым болатындар тағы бар.

«Қазіргі біздің қоғам ашық-шашық қоғам, иә? Ал жаңағыдай имани сурет болса, «ұялмайсыздар ма көрсетіп, ел деген жете алмай отыр деп» керісінше сондай негатив болып қалады. Мен ойлаймын, өнер адамдары, сахнада жүргендер тұлға болып қалды ғой. Тұлға деп қарайтын болды ел. Еліктейтін қаншама жастар бар. Мына кісі ораза ұстапты, біз де ұстайық, бұл кісі ауызашар берейін деп жатыр екен, біз де берейік деген сияқты үлгі, насихат ретінде жақсы нәрсені жариялаған дұрыс деп ойлаймын өз басым», – дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Дәл осы айда әлеуметтік желіні ашсаңыз, жұлдыздардың ауызашардағы әдемі суреттері санаңызды сан-саққа жетелейді. Алайда желі қолданушыларының бір легі жұлдыздардың бұл әрекетін әдепсіздікке жатқызуда.

«Оразада 10 адам отырса, 10 рет сол суретті салып, «міне, біз осы жерде отырмыз» деген мақтанышпен өздеріне бір назарды, мақтауды керек еткендей, жарнамалап көп салады. Әсіресе, біздің өнер адамдары», – дейді Астана қаласының тұрғыны Сандуғаш Жұмабек.

Ал дін өкілдерінің айтуынша, кімде кім ораза тұтқанын жариялап мақтанатын болса, ешқандай сауап алмайды екен.

Алла Тағала айтады екен: «Пенде қандай да бір құлшылық жасаса, ол құлшылық амалы өзі үшін оразадан басқасы. Ал оразаны мен үшін тұтады, мен оның сауабын өзім беремін дейді. Сондықтан біз бір Алланың ризалышығы үшін ораза тұтамыз. Кімде-кім ораза тұтқанын жариялап, өзін көрсетіп, мен ораза тұтып жүрмін деп айтып, сонысымен мақтанатын болса, риякерлік ететін болса, оның оразасынан ешқандай пайда жоқ», – дейді «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Әділхан Иманәліұлы.

Алайда Айнұр Тұрсынбаеваның да айтары бар. Тырнақ астынан кір іздеген желі қолданушыларын соңымнан ертіп, үлгі бола алсам мақтанамын дейді ақын.

«Мен мақтанамын шындығында да. Тамақ жасап жатсам, одан қазақтың қыздары үйреніп жатса, оған мақтанамын. Әлеуметтік желім арқылы ауызашарға мысал үшін жеңіл сорпа дайындадым деп жазамын, иә? Оны көріп, өзіме жекеге мыңдап жазады», – дейді ол.

«Ал егер ол суретке түсіп, әлеуметтік желіге салғандағы мақсат осы жерде істелініп жатқан қайырымды, өнегелі, игі істі басқаларға да насихаттап, игі іске шақыру болатын болса, онда ол нұр үстіне нұр болады», – дейді имам Әділхан Иманәліұлы.

Жіберіп алмаңыз:

Актриса Бибігүл Сүйіншалина желіге жартылай жалаңаш суреттерін жүктеді (фото)

“Ninety one” тобының директоры Жан Ахмадиевті сотқа беретінін мәлімдеді

Бағлан Әбдірайымов сырын жұртқа жайып салған жақыны туралы айтып берді

Жаңа бейнебаян: Сүйіктісінен опасыздық көрген Асан Пердешов жұртты жылатты (видео)

Талқылау