Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оразада шөлдемеу үшін не істеу керек?

Биыл Рамазан айы негізінен мамыр-маусым айларымен тұстас келетіндіктен Ораза ұстайтындар үшін шөлге шыдау мәселесі аса маңызды. Ораза кезінде адамдар арасында күннің астында жұмыс істейтіндер кездеседі. Сол кездерде организм көп су жоғалтса, адамның басы айналып, ыстығы көтеріліп, жүрегі айнып, тіпті құсуы мүмкін. Жазда ауыз бекіткенде шөлдемеу үшін не істеу керек? Ол үшін аздаған кеңестерге құлақ түрген жөн болады.

1. Шай, кофе, газдалған сусын ішпеген дұрыс. Оларда кофеин мен химиялық қоспалар болғандықтан шөл қанудың орнына организмнің көп суалуына әкеліп соғады, деп жазады ummet.kz.

160608-02-susyn

2. Ауыз бекітерде бір шымшым тұз салынған бір кесе тұзды су ішсеңіз, организмнен су шығу үрдісі тежеледі.

160608-01-susyn

3. Әркімнің қажетіне қарай адамдар су мөлшерін әрқалай қабылдайды. Өте белсенді адам тәулігіне 2-3 литр су ішуі керек. Су, көк шәй және әртүрлі шөптерден жасалған шай шөлді жақсы қандырады.

160608-03-tamaq

4. Ораза кезінде тамақ ішкенде өте ащы, тұзды, қуырылған, майлы және тәтті тағамдар жемеңіз. Қуырылған және майлы тағам асқазан мен ішекті тітіркендіреді және өте баяу қорытылады. Ал ащы, тұзды және тәтті тағамдар болса адамды шөлдетеді. Осы жағдайларға байланысты таңертең ботқа жеген өте тиімді. Ботқаның қорытылуы оңай, организмге пайдалы жеңіл тағам. Сонымен қатар ботқа жеген адам белгілі бір дәрежеде күні бойы тоқ болады.

160608-04-kokonis

5. Капуста, сәбіз, картоп, кәді сияқты көкөністерді мейлінше көбірек жеңіз. Ауыз бекіткенде алма, жүзім, апельсин, алмұрт сияқты жемістерді жемеген дұрыс. Өйткені, олардың құрамында қышқыл көп болғандықтан, күндіз адамды шөл қысуы мүмкін.

160608-05-jemis

Тағы да оқыңыз:

Оразаны ортасынан бастап ұстауға бола ма?

Қарыз болған күнді 60 күн өтеу: Оразадағы кәффарат деген не?

Тарауық намазының пайдасы қандай?

Шыдамы жетпеген адам орта жолдан оразасын бұзуға бола ма?

Талқылау