Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ораза ұстамаған адам 30 адамды тамақтандыру керек": ҚМДБ өкілі бірқатар сұрақтарға жауап берді

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазин мұсылмандардың көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауап берді. 

Бұл туралы "Ораза қабыл болсын" бағдарламасында айтылды.

Елімізде тараған індетке байланысты төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Бізде ғана емес, бүкіл ел аумағында карантиндік шаралар қолға алынды. Мұсылмандар милиондап аттанатын қажылық сапары да сақтық шаралар мақсатында тоқтатылған еді. Мұсылман қауымы арасында биыл қажылыққа баруға бола ма? Қажылықа қай уақытта барамыз деген сауалдар көптеп түсті. Бұған Марат Бектазин жауап берді.

"Қазір қажылық мәселесі нақты шешілген жоқ. Орта Азияда, Қазақстандағы мешіттерде жұма намазға, жамағат намазға тыйым салынғаны секілді қажылықты да уақытша тоқтатты. Қажылықтың отаны болған Сауда арабия корольдігінде де мешіттер бос. Сонымен қатар қажылыққа тыйым салынды. Одан бөлек мұсылмандар жыл он екі ай ішінде баратын Умра қажылығына да рұқсат жоқ. Ол туралы Сауд Арабиясынан рұқсат келсе, халыққа міндетті түрде хабарлаймыз. Дұға етеміз", - деді Бектазин.

Рамазан айының оразасын тұтпастан, Шәууал айының 6 күндік оразасын тұтса, бір жыл ораза ұстағандай сауап беріле ме?

"Оразадан кейін айт аяқталысымен Шәуәл айының 6 күнінде үзбей ораза ұстаса, оған бір жыл ораза ұстағандай сауап жазылады" деген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисі бар. Сондықтан Рамазан айында қандай да бір себеппен, бәлкім денсаулығына байланысты, алыс сапарда болуына байланысты ораза тұта алмай қалған жандар болса, олар 6 күндік нәпіл оразасын ұстауға болады. Алланың мейірімі кең, сондықтан үміт ету керек", - деді ҚМДБ өкілі. 



Биыл пітір садақа 370 теңгені құрайды. Пітірді ақшадан бөлек заттай немен беруге болады?

"Пітір садақаны арпа, бидай, жүзім және құрмамен беруге болады. Ғалымдарымыз айтады, аймақта осы дақылдардың қайсысы көп өссе, соны 2 келіден бастап беруге болады делінген. Алайда бізде құрма мен жүзім өспейді. Ал, арпа мен бидайды көпшілік тұтына бермейді. Сондықтан біздің ҚМДБ ғалымдары ақылдаса келе биылғы пітір садақаны жоғары сұрыпты екі келі ұнмен беруге болады деген пәтуа шығарды. 370 теңге осы ұн бағасымен сәйкес белгіленді. Адам 370 теңгеден көп ақша берем десе де, немесе одан да көп ұн берем десе де өз еркі", - деді Марат Бектазинов. 

Оразаны арықтау үшін ұстау күнә ма?

"Оразаның негізгі мақсаты - Аллаға құлшылық ету. Бұл мұсылман мен Алла арасындағы жасырын құлшылық. Оның сауабын бір Алла береді. Ораза ұстауға парыз етті ме, яғни онда екі дүниелік пайда бар. Мүмкін тәндік сипаттағы пайда деп қарауға болады. Арықтағысы келген арықтап пайдасы тиюі мүмкін", - деді Бектазинов. 

Етеккірі келген қыз-келіншектер оразаны қашан өтейді?

"Оразаны қаза қылған адамдар оны Рамазан айынан келесі Рамазанға дейінгі аралықта өтей алады. Тіпті бір жыл ішінде өтей алмай, келесі жылы өтеуіне болады.

Ораза ұстай алмаған адам оның өтеуін қалай жасайды?

"Қандай да бір себеппен ораза ұстай алмаған адам күніне бір адамды немесе бір күнде 30 адамды тамақтандыру керек", - деді Марат Бектазинов. 

Талқылау