Ораза тұтпаған адам пітір садақасын бере ме?
Пітір садақасы – Аллаға жасалатын ғибадат. Рамазан айындағы оразаны тәмамдау және біліп-білмей істеген қате-кемістіктеріне кәффарат (төлем) ретінде берілетін немесе әр адамның жеке басы (жаратылысы) үшін берілетін садақа.
Ораза өз алдына парыз. Ал, пітір де жеке уәжіп. Сондықтан ораза тұтсын немесе қандай да бір себеппен (ауру, қарт, жолаушы, т.б.) тұтпаса да егер байлығы нисап мөлшеріне жетіп тұрса, пітір садақасын беру міндет.
Нисап мөлшеріне ие болған адам өзі үшін әрі кедей немесе балиғат жасына жетпеген балалары үшін пітір садақа бере алады. Алайда ер кісі өзінің әйелі, ержеткен немесе бойжеткен ақыл-есі бүтін балалары, әке-шешесі, бауырлары және жақын туыстары үшін пітір садақа беруге жауапты емес. Егер бұларға өкіл ретінде пітір садақа берсе, берген пітір садақасы жарамды болады. Олардың мойнынан пітір садақа жауапкершілігі түседі.
«Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды
Тағы оқыңыз:
Рамазан айы 16 мамырда басталмайды: Бас мүфти мәлімдеме жасады
Талқылау