Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралман қыздар: Қазақстанда бізге ауылдан келген деп қарады, бірақ біз Америкадан келген едік

Америкада тұрып келген қазақ қыздар Отанға келгендегі алғашқы әсерін айтып берді.

236765675

22 жастағы Айнұр Жекей экология мамандығы бойынша бакалаврды аяқтап, Назарбаев университетінде магистратурада оқыған, деп хабарлайды Азаттық.

Алтыннұр да Назарбаев университетін 2017 жылы химия инженер мамандығы бойынша білім алған.

Олар 1995 жылы Моңғолияда тұрған. Кейіннен Америкаға көшіп кетеді. Астанаға 2014 жылы келген. Қазақ қыздар қазақ тілінен бөлек ағылшын, монғол, түрік, орыс тілдерін меңгерген. Олар АҚШ-та 8 жыл тұрған.

«Біз ең алғаш Қазақстанға келгенде қазақша сұрағымызға орысша жауап берді. Біз неге Қазақстанда қазақ тілінде сөйлемейді деп таңғалдық. Бізді ауылдан келгендер деп менсінбей қарады. Бірақ біз Америкадан келген едік», – дейді Айнұр Жекей.

«Бізге ата-аналарымыз «оралман» деген сөзді отанына оралғандарға байланысты айтатындықтан ең керемет сөз деп түсіндірген еді. Бірақ Қазақстанда оралмандарды жақтырмай қарайтынын түсіндім. Бірақ мен әлі де өзімнің оралман екенімді, қазақ екенімді айтып мақтана алам», – дейді Алтыннұр Жекей.

Қазақ қыздар шетелдің адамдары мен қазақтардың мінезін салыстырып өтті.

«Америкалықтар мінезі ашық адамдар. Олар ешкімнен ұялмайды. Ойын ашық жеткізеді. Қазақтарда «ел не ойлайды?» деген түсінік бар. Бірақ оны кемшілік деп қарамаймын. Ол екі елдің өз менталитеті шығар», – дейді Айнұр.

Екі қазақ қызы да өз мамандықтары бойынша шетелде жұмыс істеп, білімін шыңдап көргісі келеді. Содан кейін Қазақстанға қайтып келеміз деген ойда.

Тағы да оқыңыз:

Моңғолия астанасының атауын Ұланбатыр деп қазақтың біртуар азаматы қойған

Полицей азаматқа “қазақ тілінде өз Монғолияңда сөйлейсің” деп шүйліккен

Нью-Йорктегі қазақ полицейі Астанада алғашқы жекпе-жегін өткізетін болды

Дәурен Абаев ЭКСПО-ны сынаған шетелдік журналисті тағы да Астанаға келуге шақырды

Талқылау