Оралға деген махаббат жазбасын бейәдеп сөздермен “безендіріп” тастаған
Оралда әлдекімдер қала символына айналған жазбаны бүлдіріп, оның бетіне небір сөздерді жазып кеткен.
Фото: Вячеслав Куликов
Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.
Орал қаласындағы «Орал – менің махаббатым» деген жазбаға бұзақылар әр нәрсені жазып тастаған. Олар жазбаны сындырып, не бұзып кетпеген. Бірақ, бос орын қалдырмай жазу жазып, сызып кеткен.
Ағылшын сөзінен алынған жазбаның орысша нұсқасын Мәншүк Мәметова алаңына қойған болатын. Жүрек бетінде шимайланған жазба арасына Chechen Republic деген жазу да бар.
Өз қаласына деген сүйіспеншілігін осылай жеткізгендердің кім екені белгісіз. Мұндай олқылықтар Кеңес Одағы батырының ескерткішіне орнатылған жүректе де көрініс табады.
Вячеслав Куликов
Жіберіп алмаңыз:
Дизайнер Кенже өзіне қол жұмсамақ болды
Ақтауда сал ауруына шалдыққан қыз аяғының башпайларымен зергерлік бұйымдар жасайды (видео)
Пәтер жалдап жүрген алматылық таксист көлікте қалған 65 мың долларды иесіне қайтарып берген
Астанада қаңғыбас ер адам қардан жүрек жасап жүргіншілерді қуантуға тырысып жүреді