Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдық жезөкше ішіндегісін жайып салды: Мені 150 000 теңгеге сатып алған

Орал қаласында жеңгетайлық ісі бойынша сот процесі басталды. БҚО екі тұрғыны жеңгетайлықпен айналысып, клиенттеріне жеңіл жүрісті қыздардың қызметін ұсынған. Қыздарды лас әрекетке мәжбүрлеп қана қоймай,  тапқан ақшаларының басым бөлігін өздеріне қалдырып отырған-ды. Арсыз істің тізгінін ұстаған жеңгетайлар 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

maxresdefault-1-700x466

Бұл туралы “Уральская неделя” хабарлайды.

Тұтқындалған жеңгетайлардың қоластында қызмет көрсеткен жәбірленушінің бірімен тілдесу мүмкіндігіне ие болдық. Ол жезөкшелікке қалай келген жөнінде бүге-шігесіне дейін айтып берді. Қыздың өтініші бойынша, есімі өзгертілді.

«Мен онымен 2016 жылы наурыздың 29 күні таныстым. Ол кездің өзінде Асқармен жұмыс істедім дей аламын. Оның көлігінде болған едім. Бізді Азамат жеткізіп салды. Күміс түсті Priorа көлігі бар еді. Ол бізді тапсырыс жасаған адамдарға алып баратын. Бізге тапсырысты Бақтыгереев Азамат жіберіп отырады. Ол өзінің жеке нөмірін сауна, конақ үйлерде қалдырады. Көңіл көтергісі келетін азаматтар тапсырыс беретін. Тапсырысты Азамат қабылдап, бізге қайда бару керегін айтып отырады. Біз аталған жерлерге барамыз», – деген жәбірленуші арсыз істің бұғауына қалай түскенін баяндады.

Өмірінің берекесі қашып, арсыздыққа құл болған қыздардың еркі де жоқ. Жеңгетайлар тауып берген клиенттерінің көңілінен шығуға тырысып, бір түнде әжептеуір ақша тапқанымен, табысы өз қолдарына тимейді.

«Бір түн үшін 40-45 000 теңге аламын. Күндіз сағат 5-тен бастап, таңғы 6-7-ге дейін қызмет көрсетемін. 5 қыз жұмыс істеп, күнінделікті табысымыз 140-150 000 теңге көлемінде шығатын. Бір түн ішінде тапқан ақшамызды кассаға қалдырамыз. Асқар бізден барлық ақшаны сыпырып алады. Тек тамағымыз үшін 2 000 теңге беретін. Мұндай тіршілік көңілімізден шықпайтын еді. Біз оған қаншама айттық. Бірақ ол сес көрсетіп, ұрып-соғатын. Соңғы рет үйге баратынымды айтып, одан ақша сұрдым. Ол ештеңе бермейтінін айтты. Сондықтан біреуден 15 000 теңге көлемінде қарыз алдым. Жылап отырып Бақтыгереев Азаматқа ол ақшаның ештеңеге жетпейтінін түсіндіруге тырыстым. Ол маған үстінен тағы 5 000 теңге беріп, 3 күн ішінде келуім керегін ескертті. Егер белгіленген мерзімде қайтып келмесем, мен үшін өзге қыздың зардап шегетінін айтып қорқытты», – дейді ол.

Жәбірленуші сұхбат барысында клиенттерінің ешбірі аяушылық танытып, көмек қолын созуға тырыспағанын айтып қалды. Сұрықсыз тіршіліктен қашып құтыла алмаған, қолдауы мен қорғаны жоқ әйелдер лас істің тізгінін ұстаған азаматтарға тапқан табыстарын беріп қана қоймай, айыппұл төлеп, жеңгетайлардың достарына тегін қызмет көрсетуге мәжбүр.

«Әдетте жиналатын жерімізде тұрғанымызда бір клиент келіп, Саиданы 2 сағатқа жалдады. Оларды «Айдана» қонақ үйіне жеткізіп салдық. Артынша Саида хабарласып, тағы 1 сағатқа қалатынын айтты. Ақысын алуға барғанымызда, клиент мені мен Әлияны да қалдыруды ұйғарды. Сөйтіп бір адамға үшеуіміз таңға дейін қызмет көрсететін болдық. Клиент клубқа баруымызды ұсынды. Төмендегі «Айдана» клубына жабық болғандықтан, басқа клубқа бармақ болды. Ештеңе ойламастан таксиге отырғанымыз сол еді, Бақтыгереев Азамат, Гоха тынымсыз қоңырау шала бастады. Алғашында телефонды көтермедік. Гоханы туғанымдай жақын тартуым себепті, оның қоңырауына жауап бердім. Ол тезірек кілтті алып, бөлмеге баруымды тапсырды. Барлығымыз кері қайттық. Таңертең Бақтыгереев Азамат біз отырған көлікке келіп, ескертусіз дәмханаға барғанымыз үшін үшеуімізге 150 000 теңге көлемінде айыппұл салды. Дегенмен өтеуімізге тура келді. Оны ақшалай өтеуімізге болатын. Немесе Асқар, Азаматтың достарына тегін қызмет көрсететінбіз. Әрқайсысының көңілін көтергеніміз үшін 3 000 теңгеден шегеріп отыратын», – дейді әйел.

Иелері оларды меншігіндегі «жансыз заттай» көреді. Талап-тілектеріне, өтініштеріне пысқырып та қарамайтын жеңгетайлар оларды затша сатып алып, өзгелерге сатып жібере де алады.

«Мамыр айында Айданаға тапсырыс түсті. Гоха екеуіміз ешкімді оятпай, киініп, шығуға беттедік. Есік алдында маска киген адамдарды көрдік. Олар бізді қамауға алды. Ол кезде аяғым ауыр еді. Қазір жүктіліктің 6-айындамын. Олар Асқар мен Азаматты тұтқындағандарын айтты. Бізді ІІД-ге жеткізді. Ол жерде бізге барлығын түсіндіріп, олардың үстінен арыз жаздық. Мұнан кейін 1 ай бойы қорғауда болдық. Онан соң көзбе-көз беттестірулер басталды. Асқармен көзбе-көз беттескенімде, ол мені 150 000 теңгеге сатып алғанын айтты. Ол туралы ешқашан естімеген едім. Мен ашуланып: «қолдан-қолға өтетін «затпын» ба?»  – деп сұрадым. Тағы бір көзбе-көз беттескенімізде одан мені танитынын сұрады. Ол танитынын, бірақ өзінде жұмыс істемегенімді айтты», – деп ашынады жәбірленуші.

Жеңгетайлардың қамауға алынғанына қуанғанымен, ішінде үлкен қорқыныш барын жасырмады. Өткен өмірінің сұрқы кетіп, өкінтетін де, өксітетін де естеліктерге толы болғанымен, жаңа өмір бастап, нәпақасын адалынан тапқысы келеді.

«Мен маған қолдау білдіріп, көмектескені үшін полиция қызметкерлеріне алғыс білдіремін. Оның әйтуір бір шығатынын естідім. Қандай адам екенін білгендіктен, қорқамын. Өзім үшін, жүрегімнің астында жатқан сәбиім үшін, анамның жанындағы тұңғышым үшін қорқамын. Бұрынғы өмірімді ұмытып, босанғаннан кейін мұндай «лас» іске жолағым келмейді. Еден жусам да өз еңбегіммен ақша тауып, тыныш өмір сүрсем деймін».

Оқи отырыңыз:

15 жастағы жиенін зорлап жүкті қылып қойған ОҚО тұрғынына сот үкім шығарды

Ақжаркын Тұрлыбай нигериялық наркомафияның құрбаны болған

Тұңғышбай Жаманқұловтың денсаулығы нашарлап кетті

Қарағанды облысында емшектегі сәбиі бар әйел Сириядағы соғысқа аттанған

Талқылау