Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдағы кәсіпкердің өлімі: Қылмыскерлерді іздеуге Ұлттық ұлан әскерилері тартылды

Оралдық кәсіпкерді өлтіргендерді іздеу мақсатында БҚО облыс орталығынан шыға берісте әскерилер мен полиция көліктерді тінтіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой Город" порталына сілтеме беріп.

Оралдық кәсіпкерді өлтіргендерді іздеуге Ұлттық ұлан тартылып жатыр.

6 тамызда қалалық стадионның автотұрағынан оралдық кәсіпкер Еркін Мұханғалиевтің мәйіті табылды. Оны бірнеше жерден пышақтаған. 

Бақылау камералары арқылы полицейлер екі күдіктінің кім екенін бірден анықтады. Олар кәсіпкермен дәмханада дастархан басында отырған, кейін олардың арасында жанжал туындаған. Күдіктілердің бірі кәсіпкерге пышақ сұғып алған. Қалған жарақаттарды Мұханғалиевке көшеде күдіктілерден жасырынбақ болған кезде салған.

Полицияның мәліметінше, күдктілерді ұстауға жеке құрам мен қосымша күш жұмсалған.


Желіде оралдық кәсіпкерді айуандықпен өлтірген сәттің видеосы таралды 


БҚО ТЖД нұсқаулығында көрсетілген тұлғаларды іздестіру және ұстау үшін ҚР Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінің (ішкі әскерлері) әскери қызметкерлері тартылды.

Бұған дейін Оралда бірнеше дәмхана мен мейрамхананың иесі танымал бизнесменнің денесі табылғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ оқиға орнынан видео жарияланды. 

Талқылау