Оралдық дәрігер сот арқылы әкімдіктен пәтер алды
Оралда әкімдікті пәтер беруде шарасыздық танытты деген айыппен сотқа жүгініп, жеңіп шықты. Ол әкімдік әрекетін заңсыз деп танып, мемлекеттік қордан пәтер беруді талап еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайы.

Фото: pixabay.com
БҚО облыстық сотының мәліметіне сәйкес әйел 33 жылдан бері дәрігер болып жұмыс істеген. Бірақ бұл күнге дейін үйі болмаған. Соңғы 15 жыл бойы ол пәтер жалдап келген екен. Бұған дейін тұрғын үй комиссиясының шешімімен мемлекеттік қордан қызметтік пәтер алуы керек болған. Дегенмен комиссия шешімі әлі орындалмаған.
Сот кезінде тараптар келісімге келді. Енді әкімдік 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін әйелге бір немесе екі бөлмелі пәтер беруі керек. Егер орындалмаса, әкімдікке 50 АЕК немесе 184 600 теңге айыппұл салынады.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді