Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдық әйелдің жүктілігі қатерлі ісік тудырған: Науқастың жақындары дәрігерлерді немқұрайлылығы үшін кінәлайды

Оралда 15 жыл балалы бола алмаған әйел жасанды ұрықтандыру жасатып, кейін баласы түсіп қалған. Эмбрионнан айырылып қана қоймай, ол қатерлі ісікке шалдыққан. Зардап шегушінің туыстары дәрігерлерді кінәлап, мән-жайды анықтауды сұрайды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Оралдық Әйгерім көп жылдар бойы балалы болуды армандап, жасанды ұрықтандыруға жүгінген. Оған екі эмбрион енгізілгенімен, екеуі де түсіп қалыпты. Тіпті түсік тастағаннан кейін де Әйгерімнен қан кету тоқтамаған. Түсіктен денесін тазартқаннан кейін әйелге құрсақ қуысы тесілген жатырдың қатерлі ісігі диагнозы қойылды. Салдарынан жатырын алып тастапты.

“Олар көптеген гормоналды препараттарды жазып бергені сонша – денесінде ісік пайда болды. Ол осы ауруханаға бірнеше рет түскенімен, оны дұрыс тексермеді. Не УДЗ жұмыс істемейді, не маман жоқ. Егер дереу толық тексерістен өткізсе, олар оған бірден химиотерапия тағайындар еді. Бұл – олардың қателігі. Осы жағдайдың реттелуін талап етемін”, – деді науқастың анасы Сақыпжамал Дүйсалиева.

Дәрігерлер өз кезегінде бұл айыппен келіспейді, олар науқастың өмірін сақтап қалғанын айтады. Жүктілік кезінде Әйгерімнің жасырын ауруы қозып кеткен дейді

“Хорионепителиома. Ұрықтанған жұмыртқаның элементтерінде дамитын ісік. Бұрын әйелде ол болмаған, жүктілікке байланысты дамыған, мұндай ауру бар. Егер ол жүкті болмаса, қатерлі ісікке шалдықпас еді. Әлі күнге дейін одан қан кетіп жатыр, бұл –  гистологиялық жолмен анықталған аурудың белгілерінің бірі”, – деді “Гинекологиялық медициналық орталығы” ЖШС Әлик Истаев.

Әйелдің жақындары денсаулық сақтау басқармасына, полицияға, медициналық және фармацевтикалық бақылау бөліміне шағым түсірген. Тексеріс нәтижелері 12 желтоқсанда шығады.

“Бұл факті бойынша бізге арыз түсті және біз оны тіркедік. Сарапшылар тексере бастады. Бас прокуратураның өкілдері келді. Сондықтан мерзім кешіктірілді. 76-бап бар, соған сәйкес біз екі айдың ішінде тексеруді аяқтауға міндеттіміз”, – деді БҚО бойынша медицина-фармацевтикалық бақылау басқармасының басшысы Нариман Нияров.

Анасы Әйгерімнің жағдайы күн сайын нашарлап бара жатқанын айтады. Қатерлі ісікке өкпесіне өткен. Әйелдер Түркия мен Кореядағы дәрігерлерге хабарласқан, алайда шетелдік мамандар да шарасыз екенін айтқан.

Талқылау