Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдағы стадион құрылысы орнынан адам сүйектері табылды

Стадион құрылысы орнында табылған сүйектің кімдікі екенін сараптама анықтайды.

780808

Фото: Константин Чалабов

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Оралда “Юность” стадионының құрылысы орнында адамның сүйектері табылды, соның салдарынан құрылыс тоқтатылды. “Бұл сүйектер сот-медициналық сараптамаға жөнелтілді, қазір қорытындысын күтіп отырмыз: бұл адамдардың неден және қашан қайтыс болғаны анықталады. ХХ ғасырдың басы – ХІХ ғасырдың аяғында болуы мүмкін”, — деп хабарлады Орал әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрлыбек Даумов.

Бұл жерде қанша адамның сүйегі жерленгені әлі белгісіз. Даумовтың сөзіне сүйенсек, әкімшілік оқиғаның анық-қанығын анықтауда және сараптама нәтижесін күтіп отыр. Содан кейін сүйектер қайта жерленеді.

Жіберіп алмаңыз:

Жас депутат Асқар Бопылдықов көз жұмды

Қазақстанда жоқшылықта өмір сүріп жатқан көпбалалы ана балаларын сотқа берді

Жасыңызға байланысты құрсақ көтеру мүмкіндігіңізді тексеріп көріңіз

Тойда шайға ақша төлеуге мәжбүр болған әйел шу шығарды

Талқылау