Оралдағы сауда үйі өртенді
Оралда ірі сауда үйі өртенді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
От "Азиза" сауда үйінің алғашқы қабатындағы киім-кешек бутигінде пайда болған. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер сауда орталығын қоршауға алған.
"Өртті сөндіруге 32 адам мен 10 техника бірлігі жұмылдырылды. Жарақат алғандар жоқ. Оттың пайда болу себебі, кінәлі тұлғалар мен материалдық шығын анықталуда", - деді ТД-нің қызметкері Ерлан Түрегелдиев.
Оттың түтіні автоматты өрт сөндіруші құрылғыны іске қосқан. Сол себепті өрттің сауда үйінің басқа да аудандарына таралып кетуінің алды алыныпты. Өрт аумағы 50 шаршы метрді құрап, сағат 22:43 шамасында сөндірілген.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”