Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдағы ойын алаңында жеті жасар баланың саусағы кесіліп қалған

Оралда жеті жасар бала ойын алаңында саусағын кесіп алған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

Сарытау шағын ауданындағы балалар алаңында жеті жасар ұлдың кішкентай саусағы сырғанақтың ағаш тақтайшасы мен металл парағының арасында қалып қойған. Осылайша ол кіші саусағының жартысынан айырылды.

Бұл туралы жергілікті қоғам қайраткері Бауыржан Ахметжан өз парақшасында жазды. Ол темір тіректердің жылжуына байланысты парақтың астында бос кеңістікті көрген.

"Әкімдіктің кінәсі өз нысандарын бақылаусыз қалдырып, оларды жөндемегенінде. Ата-аналар да немқұрайлылық танытып, баланың ойнайтын жерін тексермейді", – деді қоғам қайраткері.

Айтуынша, бұл нысан 2020 жылы 53,4 миллионға салынған.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың қабылдау кезіндегі жағдайы орташа дәрежеде екенін хабарлады. Балаға ампутация және саусақты дезартикуляциялау отасы жасалды.

Талқылау