Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда жетімдер үйінің екі тәрбиеленушісі із-түссіз жоғалып кетті

Оралда балалар ауылының екі тәрбиеленушісіне іздеу жарияланды. Олар сенбі күні шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

балалар

14 жастағы Максим Федуллев пен 9 жастағы Николай Харченко сағат 11:30 шамасында Зачаган ауылындағы балалар үйінен шығып кеткен. Қазір оларды іздеу жұмыстарына полицияның барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. 

Айрықша белгілері. Максим Федуллев арықша келген, бойы 160-165 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр. Максим Харченко арықша келген, бойы 145-150 сантиметр, шашы ақшыл-сары, қысқа, көзі қоңыр. 

Олардың қайда екенін білетін азаматтар болса, келесі нөмірлерге қоңырау шалуды сұрайды: +7 777 184 04 90 немесе 102.

Талқылау