Оралда жастардың жаппай төбелесі түсірілген видео желіде таралды
Оралда жастардың жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 3 қыркүйек күні шамамен сағат 21:40-та Жәңгір хан көшесі бойында болды.
Бейнежазбада жастардың жаппай төбелесіп жатқаны, біреуінің жерге құлап, кейбіреулерінің қашып кеткені байқалады.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар адамдардың бәрін де анықтады. Олар істің мән-жайын толық білу үшін Шаған полиция бөліміне жеткізілді.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”