Оралда жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды
9 қазанда Оралда, Абай даңғылында Lada Priora мен Мercedes автокөліктері соқтығысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Салдарынан Lada Priora көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлімі бойынша (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Талқылау