Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда жаңа туған баласын құрылыс алаңына лақтырып кеткен келіншекке үкім шықты

Сот шешімімен қоғамдық жұмысқа жегілген 21 жастағы Зарина Досмұхаметова «жаздым, жаңылдым» деп ұлын  қайтарып алуға бар күшін салып жатыр екен, деп хабарлайды КТК.

Сот әйелдің өз кінәсін толық мойындағанын және баласын алып кеткісі келетінін ескеріпті. Естеріңізге сала кетейік, нәрестені  биыл жазда Орал қаласындағы  құрылыстардың бірінен күзетші тауып алған. Мұнтаздай етіп құндақталған балаға барлық егулер де уақытылы жасалған екен.

Кейін анықталғанындай, ұлының әкесімен ұрсысып қалған Зарина алғашында оны жетімдер үйіне өткізбек болыпты. Кейін бұл ойынан айнып, ұлын құрылыс алаңына тастап, жайына кете берген. Қазір нәресте балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Ал «қауіпті жағдайда қалдырды» деген баппен айыпталған келіншек 100 сағат бойы көше сыпыратын болды.

“Қазіргі таңда сотта кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкініп, баласын алып кеткісі келетіндігін мәлімдеді. Заң бойынша уәкілеттік берген органдар айқындайды,  баласын қайтарып бере ма, кайтарып бермей ме. Қазіргі таңда өзі қайтарам деп жүргенін айтты”, – дейді Орал қалалық сотының судьясы Асқар Смайылов.

Тағы да оқыңыз:

Алматы тұрғыны ХҚКО-да егіз баланы босана жаздады

Оралда ер адам 4 жасар баланы анасының көзінше ұрлап кетпек болды

Ер адам төсек қатынасымен көп айналысып бір көзі көрмей қалды

Қазақстандықтар 2018 жылы қанша күн демалады

Талқылау