AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда зейнеткерді өз үйінде пышақтап кеткен

Оралда 72 жастағы зейнеткердің үйінен мәйіті табылды. Зейнеткердің денесінен көптеген пышақ жарақаттары анықталған. Қазір полицейлер қылмыскерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пышақ

Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Әйел бұл кезде үйінде жалғыз болған. Бұл туралы пікір білдірген полиция департаментіндегілер зейнеткердің үйінен заттардың жоғалмағанын айтты. 

"9 наурыз сағат 18:30-да Зачаганск ауылының 1950 жылы туған тұрғынының мәйіті табылды. Өлімнің алдын ала себебі – көптеген пышақ жарақаты. Мәйіт сот-медициналық сараптамасына берілді. Аса ауыр қылмысты ашу үшін БҚО полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Қылмысқа қатысы болуы мүмкін адамдардың тізімі жасалуда. Сәйкес сараптамалар тағайындалды", – деді БҚО полиция департаментінің криминалды полиция басқармасының басшысы Сұлтан Шалдарбеков. 

Аталған деректен кейін Қылмыстық кодекстің 2 және 192-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр