Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда "трамадол патшасы" ұсталды

Оралда "трамадол патшасы" Николай Карпов ірі мөлшерде тропикамидпен ұсталды. Бұл препарат тыйым салынған тізімде болмаса да, нашақорлар беленді пайдаланады. 400 флакон тропикамид тәркіленген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Ұсталған ер адам қысылмастан әлеуметтік желіге қызметі туралы бәрін айтып берген.

Трамадол патшасының бұл бірінші қылмысы емес. Оның үстінен бүгінге дейін ірі көлемде есірткі заттары бар фармацевтикалық препараттардың табылуына байланысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Алайда ол бұл үшін ауыр жазаларға тартылмаған.

Дәрі ретінде кеңінен қолданылатын трамадол да, тропикамид те тыйым салынған тізімде жоқ. Демек, ер адам тек рецептсіз таратуға тыйым салынған дәрілерді тасымалдағаны және сақтағаны үшін ғана жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл бап бойынша ең жоғары жаза – айыппұл немесе 40 тәулікке қамауға алу.

 



“Бұндай факттің барын бәрі біледі. Барлығы бұның неге әкеліп соғатынын түсінеді. Бірақ ешкім ешқандай қарсы әрекет жасамауда. Біз бұл мәселе бойынша айта-айта шаршадық. Қанша түсіндіріп жатсақ та, қажетті әрекеттер жоқ”,- деді "Халық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ШОБ кәсіпкерлерінің конституциялық құқықтарын қорғау" төрағасы Аслан Өтепов.

Қоғам белсенділері бұл мәселемен ешкімнің айналыспай жатқанына наразы.

Талқылау