Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда ыстық күнде әскери маршқа дайындалған 8 оқушы ауруханаға түсті

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, таңертең мектеп мұғалімі бір оқушының ауырып тұрғанын айтып жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлер келгенде тағы бірнеше оқушы басы айналып тұрғанын айтқан, деп хабарлайды Sputnik.

«Ақырында бір оқушы жабық бас ми жарақатымен, тағы әбден әлсіреп қалған 7 оқушы ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунова.

Оның айтуынша, барлық бала әскери форма киіп, күннің ыстығында 7 мамырға арналған парадқа дайындалған.

Тағы да оқыңыз:

Сифилис жұқтырды деп кінә тағылған 23 жастағы қазақ қызы ел алдына шықты

Шымкентте 16 жастағы жасөспірім өзіне көмектескен намазхан баланы зорлап тастаған

Тоқтар Әубәкіров өзгепланеталықтарды өз көзімен көргенін айтты

Талқылау