Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда үш ер адам ойыншық тапаншамен адам ұрлап, қомақты қаржысын жымқырып кетті

Оралда үш адам дүкенге шабуыл жасады. Қылмыскерлер күндіз азық-түлік пунктіне баса көктеп кірді. Ұрылар ойыншық тапаншамен сатушыны қорқытып, 75 мың теңгесін алып кеткен. Одан бөлек тағы бір кассир қызды ұрлап, ақшасын тонап кетті. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұрылар сатушыны тапаншамен қорқытып, 75 мың теңге ұрлаған. Бірақ қарақшылар мұнымен тоқтаған жоқ. Олар айырбастау пунктінің кассасын тонап кетті. Кассирдің аяқ-қолын байлап, көліктің жүксалғышына салды. Әйел көлікте жатқан кезде, олар алмастырғыштан бір жарым миллион теңге, бірнеше жүз доллар мен еуроны алып шықты.

Кейін олар байланған кассирді жолда қалдырып қашып кетті. Бақытымызға орай, әйел зардап шеккен жоқ. Ол өзі босанып, полиция шақырған. Қарақшылар сатушы мен кассирді ойыншық тапаншамен қорқытқан.

"Күдіктілер анықталды, олар үш адам болып шықты. Олар Ақтөбе қаласының екі тұрғыны, біреуі Орал қаласының тұрғыны. Олардың Орал қаласында осыған ұқсас басқа да қылмыстар жасауға қатысқаны анықталды. Олардың былтырғы жылғы ұрлықтары енді ашылды", - деді Орал қалалық полиция департаментінің басшысының орынбасары Нұрлан Бисенов.

Талқылау