Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда үш баланың әкесін өлтіріп кеткен: Марқұмның туыстары куәгерлерді іздестіріп жатыр

Оралда үш баланың әкесін 11 қыркүйекте өлтіріп кеткен. Қазір марқұмның туыстары оқиға куәгерлерін іздеп жатыр. Олар тек бір ғана адамның тұтқындалғанына наразы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Бахтияр

Қайғылы оқиға Назарбаев даңғылында, түнгі клубтың жанында болған. 29 жастағы Бахтияр Шәріптің денесін анонимді хабарламадан кейін оқиға орнына келген полицейлер тапқан. Қоңырау шалған адам клуб маңында төбелес болып жатқанын айтқан. Кейін қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы жігіт тұтқындалған. Ол қылмысын мойындады. 

Марқұмның әпкесі Эльвира Шәріпова тергеудің 7 айға созылып, аяқталуға жақын екенін айтады. Алайда отбасы тек бір адамның күдікті ретінде тергеуге алынғанына қарсы. Олар Бахтиярды кем дегенде үш немесе төрт адамның жабылып, соққыға жыққанына сенімді. 

"Жауап алынған күдіктілер жанжалға бірнеше адамның қатысқанын айтқан. Бейнебақылау камерасындағы жазбадан клубта көп адамның болғанын көруге болады. Жастар өте көп. Біздің Бахтиярды ұрып жатқанын көргендер болған. Оқиға куәгерлерінен шындықты айтып берулерін сұраймыз. Бауырымның өліміне кінәлілердің барлығы жазаға тартылса дейміз. Бұлай болмаған жағдайда жазықтылар жазасын тартпайды", – дейді Эльвира Шәріпова.

Бахтиярдың артында үш баласы қалған, үлкені бес жаста, кішісі бір жарым жаста. 

Бастапқыда полицейлер Қылмыстық кодекстің 106-бабы, "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша іс қозғаған. Кейін іс 99-бап, "Адам өлтіру" болып  өзгертілген. 

"Қылмыстық істі тергеу аяқталды, жақын арада сотқа беріледі", – деп хабарлады полицейлер. 

Оқиға куәгерлеріне көрсетілген нөмірге қоңырау шалуларын сұраймыз: 8 775 439 43 82, 8 705 591 64 30.

Талқылау