Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда үш баланың анасы қатерлі ісіктен көз жұмды

Өткен жылдың қараша айында Атырау қаласының дәрігерлері 33 жасар әйелден төрт дәрежелі жатыр обырын анықтады. Сол кезде Динара Бекетова күйеуімен ішімдікке құмарлығы үшін ажырасқан еді. Қолында үш баласы қалған Динара қатерлі ісіктің асқынып кетуінен көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеп. 

динара

Динара Бекетова. Фото: "Мой город"

Балаларының ең кішісі екі жаста. Динара Оралда туғандықтан, емді де осы жерден алуды ұйғарған. Алайда, жергілікті дәрігерлер оған тек сәулелік терапия жасауды ұсынады. Содан Бекетова шетелде емделу үшін халықтан ақша жинауға көмектесуді сұрайды. Жаны ашыға халық Динараға екі миллион теңгеге жуық ақша жинап береді. Бекетова ем қабылдауға Мәскеуге барғанымен, дәрігерлер оған тым кеш келіп тұрғанын айтып, ота жасаудан бас тартады.  

"Ол Мәскеулік дәрігерлерге сеніп, жазылып кететіне үміттеніп барған еді. Өкінішке орай, дәрігерлер оған көмектесе алмады. Менің Динарамның жағдайы кеше мұлде болмады. Бұған дейін ол күшті шаншу мен анестезия арқылы өмір сүрді. Маған енді не істеу керек? Балалармен не болады? Үш бала анасыз қалды", - дейді жанары жасқа толған Динараның анасы Талшын Дәулетова.

Динараны жерлеу бүгін, 24 наурыз күні өтті.

Айта кету керек, жиын жабық болды. "МГҚ" тілшілері кейінірек жиналған ақшаның қайда жұмсалғанын хабарлайды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 24 Наурыз, 2020 16:48
Талқылау