Оралда улы өрмекші шағып алған баланың беті бері қарады
Оралда улы өрмекші шағып, жансақтау бөліміне түскен баланың жағдайы жақсара бастады, деп жазды "Мой город" порталы.
Еске салсақ, 27 шілде күні облыстық көпсалалы балалар ауруханасына 9 жасар бала түскен. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Ауруханаға келген сәтте баланың жағдайы ауыр деп бағаланған болатын.
Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың жағдайы жақсарып, терапия бөліміне ауыстырылғанын хабарлады. Қазіргі кезде ол қажетті барлық ем-домды қабылдап жатыр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”