Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда төрт баласы және мүгедектігі бар күйеуімен баспанасыз қалған әйел пикетке шықты

Оралда төрт баласы және мүгедекдігі бар күйеуімен баспанасыз қалған атыраулық Аруна Шәукенова жеке пикетке шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: mgorod.kz

Әйелдің күйеуі екінші топта мүгедектігі бар, көру қабілетінен айырылған. 2020 жылы отбасы мемлекеттен Атырау қаласынан үш бөлмелі пәтер алған. Әйелдің айтуынша, кейін бір кәсіпкер отбасына пәтерді сатуды ұсынып, оның орнына ол оларға үй беретінін айтқан. Көпбалалы ана ұсынылған үйге 20 миллион теңге төлеген. Отбасы осылайша жаңа үйге жайғасқан, бірақ кейінірек кәсіпкер отбасынан көшуді сұрапты.

Аруна Шәукенова оларға үйді айырбастау үшін Оралдан үш бөлмелі пәтер берілгенін, отбасы ол үйде бір жыл тұрғанын айтады. Содан кейін кәсіпкер Атыраудан басқа үй ұсынған, бірақ ол үйдің жөндеуі болмаған. Кәсіркер әйелге жөндеу жұмыстарына кеткен ақшаны төлеп беруге уәде бергендіктен, отбасы достарынан 25 миллион теңге қарызға алған. Алайда жөндеу жұмыстары жүргізілген үйдің иесі отбасының үйден шығыуын сұраған. Осылайшы, әйел төрт баласымен және мүгедектігі бар күйеуімен көшеде қалған.

Аруна Шәукенова үш жыл бойы ақшаны қайтарып беруді сұрап, шыдамы таусылған соң Атырау облысының полиция департаментіне арыз жазған. Алайда, белгісіз себептермен іс Батыс Қазақстан облысының облыстық прокуратурасына ауысып кеткен.

“Неліктен іс Оралға ауыстырылды? Бәрі Атырауда болған. Оның үстіне іс тіпті тергелмей жабылды. Олар кәсіпкердің ақшаны беремін деген сөзін ғана қабылдады, болды. Ол ақшаны алғанын жоққа шығармайды, бірақ қайтармайды. Қазір біз тұратын үйдің иесіне бердім дейді. Бірақ ол үй иесі ақша алмағанын алға тартып, көшуімізді сұрайды. Ол жерде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қарызға ақша алдық, кәсіпкер де қайтарып беруге уәде берді. Енді олар бізді көшеге қалдырды. Мен мұнда кішкентай балаларды үйде қалдырып, қауіпті жолмен келдім. Бұл істі Батыс Қазақстан полиция басқармасы да, прокуратура да дұрыс жүргізген жоқ. Төрт балам мен мүгедек күйеуім көшеде қалды. Істі қайта қарап, Атырауға ауыстыруларыңызды сұраймын. Өйткені, оқиғаның бәрі сонда болған", – дейді әйел.

Аруна Шәукенованың айтуынша, кәсіпкер оны бірнеше рет қорқытқан. Әйел әбден үміті үзілген соң, жеке пикетке шығыпты. Мемлекет басшысынан көмек сұрау үшін көп балалы ана балаларын тастап, Атыраудан Оралға 500 шақырым жол жүріп келген.

Сондай-ақ, әйелге Астанада ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында пикетке шығуға рұқсат берілген. 29 желтоқсанда Аруна Астанаға аттанбақ.

@mgorod.kz2022 #Уральск #одиночныйпикет #суд #Qazaqstan ♬ оригинальный звук - mgorod.kz
Талқылау