AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда түрмеде жазасын өтеушілер ондағы былықты жайып салды

Оралда түрме қызметкерлері қауіпсіздігі жоғары режимдегі 170/3 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды ұрып-соққан. Ол аздай, нәрсіз тағамды сығымдап беріп қинаған. Олар тіпті жуынып-шайынудан да қалған. Өйткені, қажетті тұрмыстық заттар мүлдем берілмейді екен.

Күйлері кеткен қылмыскерлер тексеріс жасап келген  қоғамдық бақылау комиссия мүшелеріне наласын жайып салды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл – аш құрсақ, қаяу көңіл қылмыскерлер. Күнде себепсіз таяқ жеп, тоя тамақ жемейтіндер әбден қиналғандарын жеткізді. Түрме қызметкерлері ойларына келгендерін істеген соң, сотталғандардың бірі тіпті өз-өзіне қол салмақ болыпты.

«Ешқандай жағдай жоқ. Бұл бізді әбден шаршатты. Бұл жерде ештеңе бермейді. Негізі бұндай әрекеттер заңға қайшы. Бір айдан астам уақыт өтті. Бізге тіпті ештеңе келмейді. Бұлай жалғаса беретін болса, өзімді өлтіретін шығармын. Тіпті, денеме кесіп жаздым» – дейді жазасын өтеуші Федор.

Колониядағы жұмысшылар сотталғандарды адам құрлы көрмейді екен. Тіпті, биікке іліп қойып, сілікпесі шыққанша таяққа жыққан кездері де болған. Оның үстіне, аш жүрген қылмыскерлердің қимылдауға шамалары жоқ. Себебі, асханада беретіні сылдыр су. Шәй қантсыз, ал жұмыртқа, ет, балықты тек түстерінде көреді екен.

«Қолымдағы кісеннен білегімде сау жерім қалмаған. Мені асып қойып, ұрып соқты. Оны істеген осы жердің қызметкерлері. Мен негізі Алматыданмын. Қылмыстық жазамды бұл жерде өтемеуім керек. Осы мәселе бойынша арыз жазғамын. Өзім ешқандай тәртіп бұзған жоқпын. 1990 жылдан бері отырғандықтан ішкі тәртіппен толық таныспын» – дейді жазасын өтеуші Жәнібек Құрманбеков.

Бас бостандығынан айрылғандардың айтуынша, сотталғандарда жеке гигиена мүлдем сақталмайды. Себебі, оларға арналған монша атымен жоқ. Аптасына бір рет қана душ та шайынады. Киімдерін жууға 36 адамға бір шылапшын берілген. Ал, колония қызметкерлері “осылай болуы тиіс” деп жауап берді.

Түрменің ішін түгел тексерген комиссия мүшелеріне қылмыскерлер өзге базыналарын ашып айтты. Олардың сөзінше, ауру, науқас сотталушыларға жағдай мүлдем жасалмайды. Дәрі сұраса берілмейді. Оны өз қаржыларына сатып алуы керек. Кейбір онкологиядан жапа шеккендер тар қапастың бір камерасына жалғыз қамалған. Ал, сырқаттанғандарды оқшаулауға болмайды -дейді ашынғандар.

«Ауырып жатқан күннің өзінде келеді де жұлқылап алып кетеді.Сырқаттанғаныңды айтсаң оған уақыт жоқ деп жекиді. Ешкім көрмейтін таса жерге апарып, ұрып-соғып, қинайды» – дейді жазасые өтеуші.

Жандары қиналған темір тордың тағылары өздерін аяусыз ұрып-соққандардың әрекетін тізіп жазып, жергілікті прокурорларға арыз талай жолдаған. Алайда, бұл қағаздар колония қабырғасынан алысқа ұзамапты.

«Өмірде кім қателесіп, жаза баспайды? Мен қазір жасаған қылмысым үшін темір торға қамалып отырмын. Бірақ, бұл соттың мені қорласын деген сөзі емес қой. Мен анама жағдайды айтып бердім. Сонда бізге қарапайым ұсақ-түйек қажеттіліктер берілмесе, бюджеттегі ақша қайда жұмсалып жатыр?» – дейді жазасын өтеуші.

Ал, асхананы тексерген бақылау комиссиясы еттің орнына консервіленген ет берілетінін көрді. Ал, заң бойынша сотталғандарға күніне 1 бөлке нан мен 100 грамм ет берілуі тиіс екен. Сондықтан, комиссия жетекшісі олардың шағымын қажетті жерлерге тапсыруға уәде берді.

Бұл сотталғандарға әділетсіздік жасалған алғашқы жағдай емес дейді мамандар. Алайда, колония қызметкерлері “біз заңмен жұмыс істейміз” деп отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр