Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда судьяның ұлы адам өліміне қатысты іске айыпталды

Оралда 22 жастағы Нариман Рагуфтың өліміне қатысты сот процесі жүріп жатыр. Ер адамды кәмелетке толмаған Ержан Қадырбаев пен 20 жастағы Ерназ Сәтбаев аяусыз соққыға жықты деп айыпталуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Уральская неделя Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Екі жігітке қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" және "Адам ұрлау" баптары бойынша айып тағылды. Айыпталушы Ержан Қадырбаев судья Миржан Қадырбаевтың ұлы екені анықталды.

Тергеу мәліметінше, 13 наурызға қараған түні Нариман Рагуф досы Дархан Майемировпен бірге Шолохов көшесіндегі бардан шығып кеткен. Олардың қасына жол талғамайтын көлікпен Ержан Қадырбаев келген, жанында Ерназ Сәтбаев болған. Сәтбаев оларды пышақпен қорқытып, жігіттерді көлікке отырғызуға мәжбүрлеген. Ал салонда оларды жұдырықпен және пышақпен ұра бастаған.

Қадырбаев пен Сәтбаев оларды салоннан шығарып, тағы да ұра бастаған. Салдарынан жігіттер талып қалған. Полиция Нариманды өлі күйінде тапты.

Айыпталушылар 3 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау