Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда шенеунікке наразы болған зағип жандар оның көзін байлап тастады

Оралда үш айдан бері жәрдемақы ала алмай, ашуланған зағиптар салаға жауапты шенеуніктің көзін байлап тастады. Олар осылайша өздерінің мүшкіл халіндерін көрсетпекші болыпты. Мүгедектердің жеке көмекшілері болса былтырдан бері тиесілі жалақыларын толықтай алмағанын айтады. Бұл аздай қаңтар айында да жалақысыз қалыпты. Амалы таусылған зағиптар енді қала әкімінен заңды митинг өткізуге рұқсат беруін сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

зағиптар

Мүгедек жандар Орал әкімімен кездесуге тыңғылықты дайындалған көрінеді. Алдымен бір-бірін жетелеп жүріп, түгендеп алды да, талаптары көрсетілген арызға түртінектеп қол қойды. Бірақ олардың шенеуніктермен бірден тіл табысу оңайға түспеді. Ақыры жұмыспен қамту бөлімі басшысына наразылықтарын көрсету мақсатындаоның  көзін орамалмен байлап тастады.

Жеке көмекшінің қызметін 400-дей оралдық мүгедек пайдаланады. Көмекшілер - өздерінің жақын туысы немесе жұбайы. Әйтпесе көзі көрмейтін жанның қасынан күндіз-түні табылып, жетелеп жүру мүмкін емес. Мемлекет сол қызметтің әр сағатын 360 теңгеге бағалап, 3-4 сағатына ғана ақы төлейді екен. Бірақ олар сол ақшаның өзін ала алмай жүрміз дейді.

"2018 жылы желтоқсан, қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір... Бес айдың ақшасын алған жоқпыз. Солай кетті. Сотқа берді отдел занятости, бірақ срок давности наступил деп істі жауып тастады. Енді қазіргі таңда біз срок давности болар деп сотқа бердік, бірақ отдел занятости ешқандай шара қолданған жоқ", - деді І топ мүгедегі Есенғали Өтегенов.

Ашуға булыққа зағип азаматтар жалақы мәселесін шеше алмаған жауапты шенеуніктерді соттап, жалақыны түгел төлеуді талап етуде. Екі сағатқа созылған кездесуде екі тарап ортақ бітімге ақыры келді.

"Ақпан мен наурыздың ішінде бізге осы қаңтардың қарызы төленетін болды. Сағаттарымызды кішкене көбейтеді. Сосын соны қалай болса да, сотқа жеткізбей төлейтін болды", - жеке көмекші Зәуреш Шатикова.

"Атқарылған жұмыстар актісі болады. Сол акті бойынша олар дәлелдеп шығуы керек ол кісіні жетектеп, өздерінің жасап жатқан қызметтерін дәлелдеуі керек. Содан кейін 8 сағатқа дейін төлеу мәселесі тұр. Ол енді әрбір жеке көмекшімен жеке-жеке шешілуі керек. Ол енді жалпылама емес. Әрқайсысын шақырып жеке жұмыстанатын боламыз", - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерлан Галеев.

Осы жылдан бастап, мүгедектерге қызмет көрсету жүйесіне өзгертулер енгізілген. Яғни, әлеуметтік портал арқылы зағиптар өзіне ұнаған қызмет көрсетушіні өзі таңдайды. Алдағы уақытта мүгедектер ақпан айында рұқсат етілген митинг өткіземіз дейді. Бірақ жергілікті әкімдіктің бұған айтары жоқ. 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сегіз рет жасалған сараптама нәтижесі теріс болған әйелдің коронавирус жұқтырғаны анықталды

Сегіз сынақтың нәтижесі теріс болып шығыпты

Коронавирус бір күнде әлемдегі ең бай адамдарды 139 миллиард доллардан айырды

Коронавирус әлемнің бай адамдарын да бей-жәй қалдырмады

Неліктен «коронавирустық круиздің» жолаушылары әдеттегі бортпен Жапониядан ұшып келді

Нұр-Сұлтанға тұрақты рейспен "коронавирустық круиздің" жолаушылары келді

Қазақстанда бес жұлдызды all inclusive қонақ үйі ашылмақ

Орталық Азиядағы ең ірі қонақ үй Ақтауда салынып жатыр

Түркістан облысында кәсіпкер жалғызбасты анаға үй тұрғызып берді

Облыс бойынша 2 мыңға жуық отбасына жоба аясында жан-жақты қамқорлық жасалмақ

Қырғызстандық бойжеткен Италиядағы коронавирустың өршуіне байланысты дискриминация туралы айтып берді

Италияда оқып жүрген Айчурок Сейитбекова коронавирус індетіне байланысты Еуропада болып жатқан жағдайлар жайлы баяндады

Қарызы болғандықтан әскерге бармайды: Қазақстанда сарбаздардың несиесін уақытша тоқтату ұсынылды

Бүгінгі күні әскердегі сарбаздардың несиесін ата-анасының төлеуіне тура келеді

Дулат Ағаділ Нұр-Сұлтандағы түрмеде қайтыс болды

Жедел жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен Дулат Ағаділ қайтыс болды

«Арманым – балалар бір-бірімен араласса деймін»: Айқын Төлепберген екі әйелінен туған балаларының басын қосқысы келіп жүр

Біреулер «Басқа біреуге үйленгеннен кейін балалар бір-біріне алыс болады» деп айтады

Мамытбеков Шымкент әкімінің орынбасары лауазымына ие болды

Бұған дейін ол Түркістан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметін атқарған
Çàãðóçêà...