Оралда құрылыс орнынан табылған жаңа туған сәбидің анасы ұсталды
Оралда сәбиін құрылыс нысанында тастап кеткен әйел табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Орал қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, полиция майоры Динара Әбділқалықованың айтуынша, жас ана 1996 жылғы. Ол Орал қаласының тұрғыны. Еш жерде жұмыс істемейді, оқымайды. Ол нәрестесін босанған соң балалар үйіне өткізбек болған. Алайда мекен-жайын таба алмағандықтан сәбиін құрылыс орнына тастап кеткен.
Қызының мұндай іске барғанын туыстары білмейді. Өйткені қызы оларға өзінің қонақта екенін айтып, көзіне көрінбепті.
ҚР ҚК-не сәйкес (қауіпті жағдайда қалдыру) аталған қылмыстық іс-әрекеті үшін қызға 100 АЕК көлемінде айыппұл салынуы немесе түзету жұмыстарына жегілуі иә болмаса 45 тәулікке қамалуы мүмкін.
Нәресте зардап шеккен жағдайда осы баптың 2-бөлігіне сәйкес жазасы ауырлап, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін болатын.
Тағы да оқыңыз:
ҚР президенті әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары сотталды
Ақтөбеде діндарлар рұқсатсыз «халал балабақша» ашқан
Атырау облысының тұрғыны үйсіз жүрген ауылдасына баспана салып берді (фото)