Оралда перзентхана қызметкері лифтіге қысылып қайтыс болды
Оралда 50 жастағы перзентхана қызметкері лифтіге қысылып қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Мой город басылымы жазды.

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 31 желтоқсан күні таңертеңгі уақытта болған. Облыстық перинаталдық орталықта 1971 жылы туған қызметкердің қайтыс болғаны хабарланды. Ол жүк лифті мен шахтаның арасына қысылып өлді. Мәйітті құтқарушылар алып шықты, деп жазады басылым.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға туралы сағат 8:56-да хабарлағанын мәлімдеді.
- Көкшетауда өрт сөндірушілер ер адамды құтқарып қалды (видео)
- Қатыгездікпен өлтірілген Аяжан Еділованың ісі: Сот күдіктіге үкім шығарды
"Алдын ала мәлімет бойынша, жүк лифтінің шахтасына әйел адам құлап кеткен. Ол сол жерде жан тапсырған. Медициналық мекемеде вахташы болып жұмыс істеген. Бұл факті бойынша тергеу басталды", – деді полиция.
Оқиға бойынша басқа мәліметтер анықталуда.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды