AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда перзентхана қызметкері лифт шахтасына құлап, көз жұмды

Оралда перзентханадағы қайғылы жағдайға қатысты тергеу шаралары аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2021 жылы 31 желтоқсан күні ол лифт шахтасына құлап, кабинаның астында қысылып қалған. Әйел оқиға орында көз жұмды.

Тергеу шаралары бір айдан астам уақыт атқарылды. Оған тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары да тартылған болатын. Тексеріс кезінде перзентханадағы алты лифттің үшеуінің де пайдалану мерзімі 2014 жылы аяқталғаны анықталды. Соған қарамастан, үшеуін де пайдалана берген.

"Перинаталдық орталықтың директоры мен шаруашылық бөлімінің меңгерушісі бұзылған лифттерді пайдалануға жол бермеуге тиіс еді. Екеуі де қайғылы оқиғаға жауапты", - дейді облыстың мемлекеттік еңбек инспекторы Қазбек Жұмагереев.

Бүгінде барлық материал полицияға жіберілді. Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 3-бөлігі (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша іс қозғады.

"Қазіргі кезде қажетті сараптамалар атқарылып жатыр. Тергеу шараларының нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады", - деп атап көрсетті полицейлер.

Осы бап бойынша бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдар белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айырылуы мүмкін.

Айта кетері, бұған дейін Қарағанды қаласындағы медициналық орталықта екі адам – медбике мен егде жастағы пациент құлап кеткен. Ер адам қайтыс болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр