Оралда өрттен зардап шеккен әйел терісінің 50 пайызы қалпына келтірілді
Оралда өрттен күйіп қалған әйел Ресейде емделіп жатыр. Қазір оның терісінің 50 пайызы қалпына келтірілді. Әйелдің терісін 100 пайыз қалпына келтіруге отбасының қааржысы жеткіліксіз.
Бұл туралы «Мой город» хабарлады.
Әселім Нығметоваға терісін ауыстыру үшін 9 ота жасалды. Соның әсерінен дене терісінің 50 пайызы қалпына келді.
Туысы Ерлан Нығметовтың айтуынша, қазірге дейін әйелдің беті мен мойын терісі ауыстырылған, енді қол-аяғына ота жасау керек.
«Емханаға осыған дейінгі еміне деп 4 миллион төлеп қойдық. Әселім 2018 жылдың жазына дейін Самара емханасының жан сақтау бөлімінде жатады. Енді алдағы оталарына қаражат жетіспей тұр. Дәрігерлердің айтуынша, енді 2 миллион теңге керек», – дейді туысы.
Әселімнің кәмелетке толмаған 2 баласы бар. Оларды қазіргі уақытта әкесі қарап отыр. Жансақтау бөлмесіндегі әйелге оның күйеуі мен дәрігерлерден басқа ешкім кіргізілмейді.
Еске сала кетейік, Оралдағы үйлердің бірінде жарылыс болып, 6 адам зардап шеккен еді. Салдарынан 37 жастағы жүкті әйелдің денесінің 85 пайызын күйік шалған.
Әселім Нығметованың еміне көмектесемін деушілер болса:
Руслан Нығметов, күйеуі: Kaspi bank KZ34722С000017299107, карта нөмірі 5169 4931 2218 1186, ИИН 780203301835.
Тағы оқыңыз:
БҚО-да туберкулезге қарсы диспансердің ескі ғимаратында 11 отбасы тұрып жатыр
2018 жылы информатика пәні мектептерде 3-сыныптан бастап оқытылады
Алматы облысында ауыл жастары ақша жинап, тұрмысы төмен 25 отбасыға көмір алып берді (фото, видео)
Мектепте ақша жинайды, оларда мафия бар: Шымкентте 11-сынып оқушысы өзіне қол жұмсаған