Оралда өртенген үй ішінен 3 адамның мүрдесі табылды
5 қыркүйек күні Оралда үй өртеніп, үш адамның мәйіті табылды.
Өртенген үйден 1994 және 2014 жылғы баланың денесі табылды. Үшіншісінің кім екені анықталып жатыр. БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өрттің жалпы аумағы 10 шаршы метрді құрады.
Оны сөндіруге 3 техника, 12 адам жұмылдырылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, шығыны, кінәлілердің кім екені анықталуда. Осы оқиғаға байланысты БҚО ІІД жедел тергеу тобы жұмыс жасап жатыр.
Тағы да оқыңыз:
Премьер-министр: «Ағатайлар» тендермен ұзақ ойнап жүргендіктен балалар зардап шегуде
Айсұлтан Назарбаев не себепті есірткіге әуестенгенін айтып берді
Қызылорда облысында оқу басталмай жатып оқушыларды көше тазалауға мәжбүрлеп қойды (видео)
Талқылау