Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда мешітке келушілердің ақшасын жымқырумен айналысқан ұры ұсталды

Алла үйіне иманды жанның кейпінде келіп, сұғанақтық жасаған жігіттің әрекеті мешіт ішіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты, деп хабарлайды КТК арнасы.

25 жастағы ұры жігіт жаман ойын Оралдағы екі мешітке келушілерге арналған әжетханада жүзеге асырыпты. Яғни келушілер жуынып-шайынып, намаз оқуға кеткенде бұл олардың сырт киімдерінен ақша ұрлаған. Аспай-саспай әрекет еткеніне қарағанда, бейнебақылау камерасының бар екенін білмесе керек. Қазір қамауда отырған бұл жігітке қатысты полицейлер ұрлық бабы бойынша  іс қозғады. Айта кетейік, жаман әдетті жанына серік еткен жігіт – Атырау облысының тумасы. Бұрын да ұрлық жасағаны үшін сотты болып, абақтыдан жақында ғана шыққан көрінеді.

“Мешітке келіп, құлшылық жасаймын деп ғибадат орындарына келіп, мұндай іс-әрекетке барған тұрақты жамағатымыз емес. Біз құзырлы мекемелерге толыққанды мәселені өткіздік. Қажетті мамандар тартылды, шақырылды. Және осы мешітте зардап шеккен азаматтардың барлығынан арыз өткізілді”, – дейді Орал қалалық мешітінің бас имамы Әлімхан Тұрғынбеков.

Оқи отырыңыз:

Ерлан Біләлді қорғаштаған актриса ел алдында жылап тұрып өлең оқыды

Үнді әніне мың бұрала билеген Жанар Айжанова желіні шулатты (видео)

Әріптестері парамен ұсталған Ерлан Біләлді қолдады

Тамара Асар алғаш рет өмірін өзгерткен жол апаты жайлы айтты

Төреғали 5 күндік концерті мен үйлену тойын ұйымдастырған продюсердің ақшасын бермей қойған

Талқылау